Түркістан облысы: Жетісай ауданында еуростандартқа сай санатория іске қосылды

Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Төлеген» санаториясының қосымша ғимараты іске қосылды. Енді санаторияның айына 270 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ашылу рәсіміне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Қазақстан емдік-сауықтыру санаториялары қауымдастығының президенті Саягүл Қангелдина мен аудан тұрғындары қатысып, салтанатты түрде тұсауын кесті. 1996 жылы аудандық аурухананың бөлімшесі ретінде жұмыс істеген мекеме 1999 жылы жекешелендіру кезінде «Төлеген санаториясы» ЖШС болып қайта құрылған. Бұған дейін айына 70 адамды қабылдайтын емдік-сауықтыру мекемесі қосымша 20 орындық ғимаратты іске қосып отыр. «Қосымша ғимарат заманауи талаптарға сай жасалған. Бағасы да тиімді екен. Тәулігіне 5 мың теңге төлеп 5 мезгіл тамақ пен сан түрлі ем қабылдау мүмкіндігін жасап отырған санатория басшыларына алғыс айтамыз. Сіздер бұл орынға аурудан емделу үшін емес, аурудың алдын алуға келіңіздер деген тілек айтамыз»,- деді Мақсат Жолдасбеков.

Минералды суының құрамы 14 элементтен тұратын емдік-сауықтыру орталығында келушілер 12 түрлі дерттеріне ем қабылдай алады. Жер астында 46°С ыстықта қайнап шыққан су 37-38°С-та қолданылады. Барлық еуростандарттарға сәйкестендірілген орталық емдік шараларына қажетті барлық құрал-жабдықтарды Шымкент қаласынан тапсырыспен алдырады. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға арнайы жеңілдіктер қарастырған санатория 90 орынға есептелген, айына 270 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында қариялардың ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті

Бүгін Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Ұрпақ тәрбиесі –  ұлағатты іс” тақырыбында аудан ардагерлерінің семинар-кеңесі болды. Жылысу ауылдық округінде орналасқан І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, аудан ардагерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі – Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1 сектор. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында көшелерге жөндеу қарқынды жүргізіліп жатыр

Бүгін Жетісай ауданы әкімшлігінің кіші мәжіліс залында аппарат жиналысы өтті. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев бірқатар сала басшыларының жарты жылдық есептерін тыңдады. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді. 

Түркістан облысы: Жетісай аудынының жолдары жөнделіп жатыр

2025 жылға қарай Жетісай ауданында жолдардың 90 пайызы жақсы жағдайда болады. Сол межені бағындыру үшін ауданда көлік дәліздерін жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде қызу жүргізіліп жатыр. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жетерлік. Айталық, Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталған. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. 

Осы RSS каналға жазылу